Астанада салынып жатқан LRT жобасының бағыты белгілі болды деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
«Астана LRT» жобасында барлығы 18 станция мен 19 пойыз қарастырылған.
Жоспар бойынша аялдамалар келесі мекен-жайларда орналасады:
1. Әуежай;
2. Арнасай көшесі, Пригородный кенті;
3. «Авиатор» саяжай қоғамы;
4. Мәңгілік Ел көшесі-Қабанбай батыр даңғылы;
5. «Астана Жұлдызы» айналма жолы;
6. Хусейн Бен Талал Көшесі;
7. Назарбаев Университеті;
8. Ұлы дала көшесі;
9. «Алау» мұз сарайы;
10. Керей көшесі, Жәнібек хандар;
11. Сығанақ Көшесі;
12. «Әбу Даби Плаза» СОО;
13. Министрліктер үйі;
14. Тәуелсіздік көшесі (Ұлттық музей);
15. С. Нұрмағанбетов Көшесі;
16. Т. Жүргенов Көшесі;
17. «Щебсклад» саяжай қоғамы;
18. Жаңа «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы.
«Пойыздарға барудың нақтыланған кестесі сынақ режимі кезінде пайдалануға берілгеннен кейін болады», – делінген елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Kazinform-ның ресми сұрауына берген жауабында.
Қазір ЛРТ алғашқы іске қосу кешені бойынша құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының негізгі түрлерін қажетті қаржыландыру бөлінуіне қарай екі жыл ішінде аяқтау жоспарлануда. Осы уақытқа дейін сегіз станция мен бес пойыз іске қосылмақ.