Алматыдағы №5 қалалық перзентханада салмағы 6 келіден асатын нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Алматы тұрғыны толғақпен перзентханаға түскен. Ультрадыбыстық зерттеу баланың салмағы 4 кг 800 грамм екенін көрсеткен.
Ал дәрігерлер салмағы 6 кг 300 грамм нәрестені кесарь тілігін жасап алған.
«Бала кесарь тілігімен дүниеге келді. Медицина көрсеткіші болйынша, бала дұрыс емес күйде жатқан. Анасы мен ұлдың жағдайы жақсы. Сәби – отбасының үшінші баласы», – деді неонатология бөлімінің меңгерушісі Сәуле Кененбаева.
Айта кетсек, медицина стандартына сай, құрсақтағы баланың салмағы 4 келіден асса үлкен, ал 5 келіден асса, алып болып саналады.