29 шілде күні сағат 00:55-те ұшуы керек КC7362 Түркістан – Астана рейсі 15 сағатқа кешіктірілді, деп хабарлайды FlyArystan компаниясы ресми Telegram арнасында.
Ұшақ 29 шілдеде сағат 16:30-да ұшады деп жоспарланған.
“29 шілде күні 00:55-те орындалатын КC7362 Түркістан – Астана рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіктірілді. Рейс Түркістан қаласының жергілікті уақыты бойынша алдын ала 29 шілде сағат 16:30-ға ұшуға жоспарлануда.Біз жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз және ұшу қауіпсіздігі біздің басты приоритетіміз екенін еске саламыз”, – делінген FlyArystan таратқан хабарламада.
Әуе компаниясы рейс жолаушылары сусын, ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін атап өтті:
1. Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде: жолаушылар алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алады;
2. Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде, ыстық тамақ ұсынылады. Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне хабарласуды сұраймыз;
3. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады;
4. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, егер қайта брондау мүмкін болмаса, жолаушылар толық билет қайтарымын жүзеге асыра алады;
5. Күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнде 6 сағаттан артық кідіріс болса, жолаушыларға қоныстануға, сондай-ақ қоныстану жеріне дейін және кері қарай трансфер қарастырылады.