Елімізде танымал заңгер Айгүл Орынбек айтыскер ақын Балғынбек Имашевтан жұрттың ақшасын қайтаруды талап етті, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.
Адвокаттың сөзіне қарағанда, айтыскер қаражатты көпшіліктен алдап алған.
«Аманат хоум» салымшылары маған көмек сұрап шығып жатыр. Балғынбек Имашев сізге сеніп ақша салған денеңіздің бөлшектеріне ақшаларын қайтарып беріңіз жылатпай, ұят болады! Мына видеодан кейін намаз оқитындар алдамайды дегенге сенесіңдер ме? – деді Орынбек.
Сонымен қатар құқық қорғаушы бұл жайтқа қатысты неге қылмыстық іс қозғалмай жатқанын түсінбейтінін де айтты.
ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ішкі істер министрлігі, қылмыстық істі неге қозғамай отырсыздар? Міндетті түрде халық өзін өртеуі керек пе? Бәрі арыз жазған екен, іс қозғалмай тұр деп жазып жатыр. Жылдам қозғап жіберіңіздер, Балғынбек ағамыз арнауын сот залында айтсын, – деді ол.