Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қарттар күніне және Республика күніне біржолғы материалдық көмек берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, бүгінде жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ кәсіпкерлердің ақшасына егде жастағы адамдарға сан алуан көмек жасалады. Биыл екі мереке кезінде біржолғы ақшалай көмек те беріледі.
“Қарттар мерекесіне орай Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан мен Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күніне – 25 қазанда Ақмола мен Павлодар облыстарында 234 мыңнан астам аға буын өкіліне 2-10 АЕК (6 900 – 34 500 теңге) көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі”, – деді Жақыпова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.