ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болып Эльдар Бақпаев тағайындалды. Бұған дейін ол “Хабар 24” телеарнасын басқарған, деп хабарлайды kaskelen.kz.
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, 6 қазанда оның орынбасары қызметін Эльдар Бақаев атқаратын болады.
“ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болып отандық теледидарда өз қолжазбасын жасап, мемлекеттік қызметте айтарлықтай тәжірибе жинақтаған Эльдар Құсманұлы Бақаев тағайындалды. Бұған дейін ол “Хабар 24″ телеарнасының директоры қызметін абыроймен атқарған. Әріптесімізге сәттілік!”,- деп жазды Берік Уәли Facebook-те.
Берік Уәлидің өзі 12 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарады. Ол осы қызметте небәрі алты күн Мемлекет басшысының баспасөз қызметін басқарған және денсаулығына байланысты қызметінен кетуге мәжбүр болған Нұрмұхамед Байғараевтың орнына келді.