Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Мойнымнан қылқындырып, шаштан ұстап, еденге басымды ұрды”: келіні зейнеткер енесін үйден қуып шыққан(видео)

“Мойнымнан қылқындырып, шаштан ұстап, еденге басымды ұрды”: келіні зейнеткер енесін үйден қуып шыққан(видео)

06.10.2023
Жаңа Қазақстан
646
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қымбат Баймұрзина есімді зейнеткер келіні ұрып-соғып, үйден қуып шыққанын айтты. Бұл туралы ол “Қыздар-ай” бағдарламасында әңгімеледі, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.

Қымбат Баймұрзинаның сөзінше, келіні киімдерін, әкелген базарлығын далаға лақтырған.

“Үйден ұрып-соғып қуып шықты. “Кет” деп киімдерді далаға лақтырды. Қыдырып кетіп келгенде, “бұл проходной двор емес саған, келемін дегенде келіп, кетемін дегенде кететін” деді. Сарқыттарымды қойып, немерелерімді көріп, беттерінен сүйіп, қуанысып жаттым. Ондай ештеңе болмайды деп ойладым. Әкелген етті, бес литрлік балды далаға лақтырды. Құрт, май – бәрін әкелгенмін. “Нағима, тастамашы, ас қой, обал ғой” деп артынан жүгірдім. Артық сөз айтқан жоқпын. Былай жығып алды, құлатады деп ойлаған жоқпын. Мойнымнан қылқындырып, шаштан ұстады, еденге басымды ұрды. Шамам келмей қалды, ештеңе істей алмай қалдым. “Құтқарыңдар” деп құр айқайлап, жылай бердім. Ол кезде дауысым шығып жатты. Сонда ұлым есік алдында жүрді. Ұлым келмеді маған. Маған келін “барар жер, басар тауың жоқ, ертең ауырып жатсаң, бір тамшы су тамызбай өлтіремін” деді. Естімеген сөзім қалған жоқ”, – дейді Қымбат Баймұрзина.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Көршілері де бұл рас екенін айтады.

“Мінезі өте жақсы. Сондай таза адам. Сондай жағдай болған шығар ортасында. Қымбат шындығын айтады. Ұрысқа шақыратын адам емес. Мінезін жақсы білемін. Өзінің екі ұлы бар. Үнемі осындай ұрыс (отбасында – еск.), шыдап жүрген”, – дейді олардың көршісі.

Қымбат Баймұрзинаның сөзінше, жердің құжаты келінінің атына алынған. Сондықтан үй де келінінің атында екен. Енді зейнеткер келінінен түрлі ауыр сөз естіп жүргенін жеткізді.

“Қате кеткен жоқ (өзімнен – еск.). “Мен жоқта қадір-қасиетімді түсінетін шығар, енді осылар өз балаларын бағып көрсінші” дедім. Келінім “сенің ешкімің жоқ, қолымда малайлыққа ұстап жүрмін мен сені” дейді. “Тамағымды жасатып, балаларымды бағу үшін ұстап жүрмін” дейді. Үлкен балам 78 жылғы, 79 жылғы (одан кейінгісі – еск.). Үйленгеннен кейін күрт өзгерді. Үлкен ұл ата-апасының баласы дедік те, қатты тартпадық. Кіші ұл – етегімнен ұстап жүріп өскен бала. Әкелері болды. Толық жанұяда өсті (балалар – еск.). …Семей жақтағы мал жайымды, үйімді сатып, баламды түрмеден аман алып қалайын деп далада қалдым. Сол кезде күйеуім қарсы болды. Балам 30-ға келгенде үйленді. Пәтерде тұрып жатқанда, келін баламмен аядай жерге келіп жатып жүрді”, – дейді Қымбат Баймұрзина.

Алайда зейнеткердің келіні оны ұрып-соқпағанын айтты.

“Қарғайды. Неше түрліні айтады. Марқұм болып кеткен әке-шешемді айтады. О баста келін болып түсірмеген. Мені қабылдамаған. Сонда да ол кісімен тұрдым. Бұл кісі өмір бақи бөлек тұратын. Ол кісі ұлдарынан талап етсін. Ол өз отбасын сақтай алмаған. Енді біздің отбасын бұзғысы келеді. Анасынікі дұрыс болса, (баласы – еск.) “аузыңды жап” дер еді. Оның өзі “жолатпа” дейді. Себебі анасының мінезі бар. Иә, мен қуғаным рас. Себебі тұра алмаймын. Ақылмен айтсам, көнбейді. Қол көтерген жоқпын. …Ұрды-соқты деп бүкіл туыстарымызға звондап, бәріне айтқан. Мамасы, папасы, екі ағайынды, төртеуі отырып, өзара саудың әңгімесін айта алмайды”, – дейді ол.

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
“Мектеп дәретханаларында камера орнатылмақ”: Министр пікір білдірді

"Мектеп дәретханаларында камера орнатылмақ": Министр пікір білдірді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz