29 қыркүйек күні полиция қызметкері қылмыскерді қуалап келе жатып тамақ жеткізушісін қағып кетті. Кейін анықталғандай, қашып келе жатқан көлікте де құқық қорғау органдарының қызметкері болған. Ол мас болды, деп хабарлайды kaskelen.kz. Видеоны мына сілтемеге өтіп көре аласыз.
Скутермен соқтығысқаннан кейін, құқық бұзушы қуғыншылардан қашып кетуге тырысты, бірақ ұсталды.
“Полиция қызметкері жасаған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Павлодар қаласының ПД ҚР ҚК 345-1-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы – үй қамауына алынды. Тергеуден басқа, полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізді, оның материалдары тәртіптік комиссияда қаралды. Нәтижелері бойынша полиция қызметкері құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін ішкі істер органдарынан босатылды. Бірқатар басшылар атқаратын лауазымдарынан босатылып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – деп жауап берді облыстық полиция департаментінде.
Полицейлер аталған бап бойынша құқық бұзушылық үш мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не белгілі бір лауазымдарды атқару немесе айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын атап өтті.