Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 10-12 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады kaskelen.kz “Қазгидромет” РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Нөсердің арты қарға ұласады деп күтілуде. Оңтүстікте жаңбыр жауып, жел күшеюі ықтимал.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде -5…+7 градусқа дейін, күндіз +5…+18 градусқа дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде -5…+5 градусқа дейін, күндіз +5…+13 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.