Алматыда ер адам бұрынғы әйелін өлтірді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Өткен аптада Алматы клиникаларының бірінде ер азамат бұрынғы әйеліне шабуыл жасап, оған 8-10 пышақ жарақатын салған.
“Осы факті бойынша Алматы қаласының ЖКО тергеу басқармасы ҚР ҚК 24 – бабында (қылмысқа оқталу) және ҚР ҚК 99-бабында (кісі өлтіру) көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр”, – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті тергеу шаралары жүргізілуде.