Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасында “Ирина Қайратовна” тобының мобилографы Шахназ Жылқайдаровтың өлімінің алдын-ала себебі аталған, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
14 қазанда Шахназ Жылқайдаровтың денесі сот сараптамалары институтына жеткізілді.
“Өлімнің алдын–ала себебі – жедел геморрагиялық панкреонекроз”, – делінген хабарламада.
Ведомствода атап өткендей, өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады.
“Бұл зерттеулер екі аптаға дейін жүргізіледі”, – деді Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы.
14 қазанда “Ирина Қайратовна” тобының қатысушылары концерт кезінде жанкүйерлерге шығып, мобилографтың қайтыс болғанын мәлімдеді. Белгілі болғандай, мобилограф іс-шара басталғанға дейін құлап, қайтыс болды. Концерт тоқтатылды.
Кейін ұжым Еуропа бойынша тур Жылқайдаровты еске алуға арналатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, олар Шахназ Жылқайдаров құлаған сәттен бастап әлеуметтік желілерде этикалық себептермен видео жарияламауды сұрады.