Ақтауда супермаркеттердің бірінде қызметкерді лифт басып қалды. Қайғылы оқиға 24 қазанда түнгі сағат 01:10-да болған, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат порталы.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 қазанда түнгі сағат 01:10-да болған.
34 жастағы жұмысшының үстіне лифт құлап кеткен. Нан салынған арбаны тартып алмақ болған ер адам оқиға орнында қайтыс болды, – делінген хабарламада.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша Ақтау қалалық ПБ тіркелді.
Оқиға бойынша сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, – делінген хабарламада.