Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Интернет өшірілген: Алматыда “митинг” қалай өтіп жатыр?

Фото: ulysmedia.kz

Интернет өшірілген: Алматыда “митинг” қалай өтіп жатыр?

25.10.2023
Жаңа Қазақстан
206
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сәрсенбі, 25 қазан Республика күні Алматы қаласында митинг өтуі керек еді. Яғни билік экстремистік деп таныған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысы белсенділері бас қосуы тиіс болатын. Митинг қалай өткені туралы Ulysmedia.kz тілшілері жазды, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.

Әдетте, биліктің әрекетіне наразылар Алматы әкімдігі алдындағы алаңға жиналатын. Мұнда таңертеңнен бастап полиция периметрі бойынша кезекшілікте болды, ал ескерткіш жанында жасақ тұрды. Алайда шеруге шыққан белсенділер байқалмады.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Одан әрі Алматы қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағының бас кіреберісіне бардық. Дәл осы жерді ҚДТ наразылық білдірушілер жиналатын орын деп жарияланған.

Айта кетейік, бүкіл саябақта және оның маңайында интернет өшірілген. Әлеуметтік желілер де, браузерлер де қолжетімді емес.

Саябақтың аумағында полиция жасақтары қаптап жүр, ал негізгі кіре берісте 20 шақты формалы офицер және одан да көп азаматтық киімдегі полиция қызметкерлері бар.

Олар кейбір жолаушылардан құжаттары мен келу мақсатын сұрап жатыр. Адамдардың жаңа ғана серуендеуге келгеніне көз жеткізген полиция оларды жіберуде. Алайда түске таман тұтқындау шаралары басталды.

Фото: ulysmedia.kz

Қазақстандықтардың митингіге шығуына не кедергі болғанын – құқық қорғау органдарының ескертулері ме, әлде ұйымдастырушылардың сенімсіздігі ме, әлі түсіну қиын.

Алайда, Республика күні өңірлер салыстырмалы түрде тыныш.

Ulysmedia.kz сайтының тілшілері жиналатын орын деп аталған алаңда полиция кезекшілік етіп жатқанын, алайда митинг өткізуге ниет білдіргендердің жоқтығын мәлімдеді.

Атырауда күн суық болғандықтан, көшелерде жүргіншілер аз, соған қарамастан тәртіп сақшылары Махамбет алаңын табандылықпен күзетіп отыр. Осыған қарамастан мұнда адамдарға серуендеуге тыйым салынбаған.

Фото: ulysmedia.kz

Бір күн бұрын Көкшетауда белсенділер Бауыржан Балташев, Қуат Мұхамеджанов және Уәлихан Неғметов 15 тәулікке қамалды. Сондай-ақ Астанада белсенді Марат Мұсабаев босатылған күннің ертеңінде тағы да қамауға алынды. 23 қазанда Ақтөбеде белсенді Ахмет Сәрсенғалиев қамауға алынды. 20 қазанда Орал соты әлеуметтік желіде қазақстандықтарды 25 қазандағы митингке шығуға шақырған жазбасы үшін белсенді Маруа Ескендірованы 10 тәулікке қамауға алды.

Қазанның 17-сі күні ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха полицияның Республика күніне орай азаматтарға митинг өткізуге рұқсат бермейтінін айтты. Қазақстан Республикасында тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының мүшелері бұл күні наразылық акциясына шығуға шақыруда. Ал 24 қазанда Ішкі істер министрлігі Республика күні қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтуді ескертті.

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
Дәрігерлер науқастарды онлайн емдемек

Дәрігерлер науқастарды онлайн емдемек

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz