France Football нұсқасы бойынша үздік ойыншы американдық “Интер Майами” мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси атанды, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Марапаттау рәсімі Париждегі “Шатле” театрында өтті.
Аргентиналық өзінің мансабында рекордын жаңартып, осы марапатқа сегізінші рет ие болды.
Месси 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019 және 2021 жылдары “Алтын доптың” иегері болды. Тарихта тұңғыш рет жүлдені еуропалық клубта өнер көрсетпейтін футболшы алды.
Месси өткен маусымды “Пари Сен-Жерменде” өткізді, онымен екінші рет Франция чемпионы және ел Суперкубогының иегері болды. Ал 2022 жылдың желтоқсанында Месси Аргентина құрамасында әлем чемпионы атанды. Катардағы турнирде ойыншы жеті матч өткізіп, жеті гол соғып, үш гол берді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша екінші орында Эрлинг Холанд, үшінші орында Килиан Мбаппе.