Қайрат Нұртастың ата-анасы үшінші рет құда атанып отбасының кіші ұлы Заңғар Нұртас қалыңдығын ұзатып алып келді. Құдалық Шымкентте болған. Гүлзира Айдарбекова құдалық тойда қызға не алып келгендерін атап айтып, дүйім жұртқа таныстырды, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Танымал отбасы кіші келіні үшін қалыңға 10 млн. теңге берген. Одан жұлдызды отбасы барлық жоралғыны жасап, әке күші, ана сүті, өлі тірісі деген төлемдер жасаған.
“Нұреке, қалың малды құдаға ұсынасың. Қалың мал міне, мынау өлі тірісі. Әке күші- 500 мың, ана сүті-500 мың. Қойы бөлек. Қалың малы 10 млн. теңге” дейді Гүлзира Айдарбекова.
Бұдан бөлек Гүлзира Айдарбекова оңтүстіктің салты бойынша ортада жаңа келіннің киімдерін біртіндеп таныстырған.
“Барлығы оригинал бренд. Етігі де. Ішігінің өзін әдейі ырымдап, жақын күндері көтерсе кеңдеу болсын деп үлкен өлшем алдық. туфлиін арнайы Дубайдан алдырдым. Мына көйлектер ертең ағайын-туыс шақырғанда киіп барғанға. Мына сандық толы қыздың киімі. келінім тек таза матадан киім кисін деп ырымдадым”,-дейді Айдарбекова.