Бүгінгі брифингте ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев Болат Назарбаевтың Алматыдағы “Алтын Орда” базарына қатысы жайлы айтып кетті, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Болат Назарбаев “Алтын Орда” базарындағы заң бұзушылықтарға иесі көңіл аударды ма деген сұраққа жауап бере отырып, министр бұл базар бойынша құжаттамада ондай адам жоқ екенін айтты.
“Білесіз бе, біз көрген құжаттама бойынша ол иесі емес, сондықтан оның жеке тұлғасы туралы айта алмаймын. Бізде жеке тұлға ретінде ЖШС белгіленген. Олар жол картасына қол қойды, міндеттеме алды, сондықтан біз солардан сұраймыз. Яғни, олар бүгінде тізілімде тіркелген және ресми меншік иелері болып табылатындар”, – дейді Арман Шаққалиев.
Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта құқық қорғау органдары осы базар заңды түрде тіркелген адамдармен жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Бас прокуратура “Алтын Орда” базарының қызметінде Қазақстан заңнамасының нормалары бойынша үш жүзден астам заң бұзушылықты анықтаған болатын.