Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Абай облысындағы “Семей орманы” резерваты аумағындағы өрттің себебі анықталғанын мәлімдеді.
Министр айтуынша, өрттің шығу себебін анықтау мақсатында құрылған комиссия құрамына мемлекеттік органдар кірген.
“Арнайы комиссияның қорытындысы бар, онда өрттің тұтануына құрғақ найзағай себеп болғаны анық көрсетілген. Бұған дәлел бар – өртті тарауына себеп болған жеке ағаш. Бұл ресми нұсқа және біз оны ұстанамыз”, – деді министр.
Нысанбаев елімізде орманды қасақан өртеу фактісі болып тұратынын айтты. Алайда Абай облысындағы жағдай басқа. Ол табиғи құбылыс салдарынан тұтанған өрт деді министр.
“Негізінен дала өрттері қасақана қойылады деп айту дұрыс емес. Статистика көрсеткендей, орман өрттерінің 70%-ы – ауылшаруашылық өрттерінің нәтижесі. Менің тәжірибемде Семей облысында жұмыс істеген шағымда тәулігіне 25 құрғақ найзағай болатын еді”, – деді министр.
Еске сала кетейік, 15 шілдеде Абай облысындағы “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватынан өрт шыққанын жазған болатынбыз. Абай облысы Бесқарағай ауданындағы орман өрті 11 күн бойы сөндірілді.