Ерлан Күштібаев өз кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
Жетісу облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді.
“Талдықорған қалалық полициясының басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 27 жастағы облыс орталығының тұрғынын зорлады деген күдікке ілінген. Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі “Қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі зорлық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мән-жайлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындаумен зерделенеді”, – деп мәлімдеді ПД.
Тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.
2019 жылы Ерлан Тұрғымбаев Күштібаевты қол астындағы қызметкерлерін боқтағаны үшін Алматы облыстық полиция қызметінің басшысы қызметінен босатылған.