Әнші Динара Әлжан Болат Назарбаевтың қазасына қатысты пікір білдіріп, оның жақындарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Instagram парақшасында Динара Әлжан Болат Назарбаевқа жазба арнаған. Қаралы хабар әншіге ауыр тиді. Ол Болат Назарбаев өзіне көп жақсылық жасағанын айтты.
“Осы жағдайды естіп, көңілім құлазып отыр. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп. Бәрі де өткен іс. Алдынан жарылқасын, жаны жәннәттә болсын”, – деп жазды ол.
Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан дүниеден озды. Ақпаратты экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай растаған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Нұрсұлтан Назарбаевқа інісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.