Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Бір жылда 5 мыңнан астам босану дерегі: жасөспірімдер арасындағы жүктілік көрсеткіші өсті

Бір жылда 5 мыңнан астам босану дерегі: жасөспірімдер арасындағы жүктілік көрсеткіші өсті

16.11.2023
Жаңа Қазақстан
6
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Соңғы бірнеше жылда 15 пен 18 жас аралығындағы қыздардың бала туу көрсеткіші 50,5 пайызға өсті. Егер 2017 жылы мұндай жағдайда 3,4 мың бала туса, 2022 жылдың соңына қарай бұл сан 5,2 мыңға дейін өсті. Көрсеткіштің артуы пандемияның бірінші жылында тіркелген, бірақ жағдай ол аяқталғаннан кейін де жақсарған жоқ, деп хабарлайды kaskelen.kz агенттігі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл динамиканы түсік жасату санының азаюымен емес, жасөспірімдер арасында жүктіліктің көбеюімен түсіндіруге болады. Кәмелетке толмаған қыздардың жасанды түсік жасату статистикасы соңғы жылдары болмашы ғана өзгеріп, 12 айда 1,1-1,2 мың жағдай шегінде қалды.

Жалпы статистика бойынша, 20 жасқа дейінгі аналар тапқан балалардың үлесі аз: 3,3%. Өткен жылы 403,9 мың жаңа туған нәрестенің ішінде 13,2 мыңының анасы 20 жастан аспаған болып шықты. Туған балалардың жартысынан көбін (55,9%) ең қолайлы репродуктивті жас – 25-35 жас аралығындағы әйелдер дүниеге әкелген.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

ДДҰ сарапшыларының атап өтуінше, жасөспірімдер арасындағы жүктілік білім деңгейі немесе экономикалық жағдайы төмен тұрғындар арасында жиі кездеседі. Біріншіден, халықтың аз қамтылған топтары контрацептивтерге қол жеткізу мәселесіне тап болса, екіншіден, шағын елді мекендерде (барлығы бір-бірін танитын ауылдар, шағын қалалар) кәмелетке толмағандар стигмаға ұшырап, контрацептивті еркін сатып ала алмайды.

Қазақстанда қала мен ауыл жасөспірімдерінің туу көрсеткішінде айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, өткен жылы ірі елді мекендердегі жасөспірімдер арасындағы туу көрсеткіші 15-19 жас аралығындағы 1 мың қыз балаға шаққанда 15,3, ал ауылдарда – 25,9-ды құрады. Бұл – Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш.

Мәліметтерді өңірлер бойынша егжей-тегжейлі қарастырған кезде кейбір облыстарда ауылдық жерлердегі жасөспірімдердің туу көрсеткіші республикалық деңгейден жоғары екені байқалады. Мысалы, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында коэффициент 35-тен, Түркістан облысында 30-дан жоғары болып тұр.

Алайда бұл аймақтардағы коэффициенттер ауылда ғана емес, қалада да жоғары. Осы үш аймақ еліміздегі жасөспірімдердің туу көрсеткіші бойынша бірінші орындарда. Экономикасы ең жақсы дамыған қалалар – Алматы (8,2) және Астана (9,1) қалаларында жасөспірімдердің бала туу жайғдайы азырақ кездеседі.

ДДҰ сарапшылары жасөспірімдер жүктілігінің тағы бір себебін айтты – ол қыздың кәмелет жасқа толмай тұрмысқа шығуы. Бұл жағдай қыз баланың жүктілігі себебімен ғана емес, сонымен қатар басқа факторларға (дәстүрлерді ұстану, экономикалық себептер) байланысты орын алып жатады. Қазақстанда қыздардың тұрмысқа ерте шығуы жиі кездеседі. Өткен жылы 16-19 жас аралығындағы 2,6 мың бозбала үйленіп, 17,3 мың қыз тұрмысқа шықты.

Жасөспірімдер арасында қаламайтын жүктілік санын азайту және ТДМ-ға қол жеткізу – 2030 жылға қарай жыныстық және репродуктивті денсаулық қызметтеріне жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда арнайы заң жобасы қабылданды. Құжат аймақтық денсаулық сақтау басқармаларына кез келген жас адамның медициналық көмек пен психологиялық қолдауды еркін ала алатын Жастар денсаулық орталықтарын ұйымдастыруды міндеттейді.

ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметі бойынша, қазіргі кезде елімізде «4Д» ережелері (қолжетімділік, еріктілік, тілектестік және сенім) бойынша жұмыс істейтін осындай 118 мамандандырылған орталық бар.

Өткен жылы ұйымға 728,6 мың жас қазақстандық жүгінген, олардың 39,4%-ы 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
“Тілінен тапқан шығар”: Желіде ер адам көпшілік орында баланы тәртіпке салды (видео)

"Тілінен тапқан шығар": Желіде ер адам көпшілік орында баланы тәртіпке салды (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz