Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Олар билікке қайта келетін болса таз қалпымызға қайта түсеміз”: Депутаттар Болат Назарбаевқа арналған астың саяси астарын байқады

фото: inform.kz

“Олар билікке қайта келетін болса таз қалпымызға қайта түсеміз”: Депутаттар Болат Назарбаевқа арналған астың саяси астарын байқады

24.11.2023
Жаңалықтар
155
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Мәжіліс депутаттары тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада інісіне арнап ас беруінде саяси астар жатқанын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы XaqMedia YouTube-арнасына сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның сөзінше, ескі Қазақстан өкілдері билікке қайта келетін болса еліміз таз қалпына қайта түседі.

“Алдын ала ойластырылғандай ой қалдырып кетті. Өйткені марқұмның өзіне, ұрпағына қатысты әңгімелер айтылып қана шектелуі керек еді. Алайда кәдімгідей саяси мәселелер қозғалды. Елдің қазіргі жағдайына қатысты баға берілді. Сонымен қатар келген адамдар құрамы саяси күш екендіктерін көрсететіндей әсер қалдырды.

Екіншіден осы астың төңірегінде салафилік, уахабилік ағымға жатқызатын азаматтардың бой көрсетуі ескі Қазақстанмен бірге екендігін көрсететіндей ой қалдырды. Сол себепті саяси астары бар жиын болды деп есептеймін. Негізі Астанада емес Алматы қаласында өткені дұрыс еді. Бұл астың БАҚ беттерінде жариялануы бір месендж жібергендей әсер қалдырды.

Олар билікке қайта келетін болса таз қалпымызға қайта түсеміз. Еуразиялық Одаққа кіргізген, жартылай бодан күйге түсірген, діни жағдайды күрделендіріп жіберген кім? Міне, осы ескі Қазақстан. Басқа ешкім де емес.

Мәдениетімізді, дінімізді, тілімізді қай жағынан алып қарасақ та үлкен күйзелістің алдында тұрған елміз. Сол жағдайлардың бәріне қайта түземіз деп есептеймін өз басым”, – деді Мәжіліс депутаты Абзал Құспан.

Ал депутат Ерлан Саировтың сөзінше, Болат Назарбаевқа арналған аста сөз сөйлеген экс-президент 30 жыл ішінде жасаған қателіктерін жоққа шығарды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

“Реваншистік” күштер әлі бар. Сонымен бірге кейбір саяси күштер өзінің бар екенін, еліміздің саяси-экономикалық өміріне әсер етіп жатқандығын көрсетуге де тырысады. Мысалы, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі саяси сөз болды.
Ол 30 жыл ішінде болған қателіктердің бәрін жоққа шығарды. Әрине белгілі бір деңгейде экономикалық өсім болды. Алайда халық ол экономикалық өсімді көрмеді. Оны белгілі бір олигарх топтары ғана көре алды”, – деді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 13 қарашасында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі – Болат Әбішұлының қайтыс болды. Болат Әбішұлы 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Оны халық әуелі Қазақстанның тұңғыш перзиденті – Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі деп таниды.

Тег: Басты жаңалықтар

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Қазақстандықтардың банктерге қарызы 18,7 трлн теңгеге жетті

Қазақстандықтардың банктерге қарызы 18,7 трлн теңгеге жетті

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz