Reddit қолданушысы екі жыл ішінде 164 рет кездесуге барып, ақыры күйеуін қалай тапқанын айтып берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Ask Me Anything сұрақтар бөліміне сілтеме жасап.
Біріншіден, ол ерлерге жалғыз қалмас үшін әйелдерді әрқашан кездесуге өздері шақыруға кеңес берді.
“Үнемі хабарламалар жазып тұратын кезеңде қалып қалмаңыз. Сіз оны ерекше түрде кездесуге шақырсаңыз өзіңізге ұпай жинайсыз”, – деп жазды ол.
Бұған қоса, пост авторы ер адамдарға кездесуде сұрақ қоюға кеңес берді.
“Күліңіз, құлақ салып тыңдаңыз”, – деп жазды ол.
Содан соң әйелдерге өздерінің түйсігін тыңдауға кеңес берді. Оның айтуынша, болашақ күйеуімен кездесуде бәрі бұрынғыға қарағанда басқаша болды.
“Бұл жолы барлығы оңай болды. Мен жағдайдың қалай басқаша екенін көрдім. Екінші кездесуде ол ұнататынын мойындады. Бесінші кездесуде біз еш күдіксіз ресми түрде бірге болдық. Өз адамыңмен мұның қаншалықты оңай екеніне таң қалдым”, – деді ол.
Сонымен қатар кездесуден соң өз-өзіңнен бұл адаммен қаншалықты үйлесетініңді сұрауды ұсынды.