Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандық кәсіпкер ArcelorMittal компаниясының инвесторы атанды

Қазақстандық кәсіпкер ArcelorMittal компаниясының инвесторы атанды

08.12.2023
Жаңа Қазақстан
5
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстандық болат және тау-кен өндіруші компанияның жаңа инвесторы кәсіпкер, “Allur компаниялар тобы” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев болды, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Бұл туралы үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. Оның сөзінше, келіссөз кезінде мемлекет активтердің жалпы құнын 3,5 миллиард доллардан 286 миллион долларға дейін төмендеткен.

“Келіссөз барысында ArcelorMittal компаниясы 3,5 миллиард доллар сұрады, бірақ бұл халықаралық кеңесшілердің есебімен сәйкес келмеді. Сондықтан келіссөз процесі ұзаққа созылды. Сонымен қатар біздің мақсатымыз комбинатты қымбат әрі халықаралық сот процесін өткізбей-ақ әділ бағаға сатып алу еді”, – деді ол.

Сізге ұнауы мүмкін

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024
Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Келіссөз 11 раундтан тұрған, оның 7-і өнеркәсіп пен құрылыс министрлігі қыркүйекте құрылған соң өткен. Дәл осы кезеңде қос тарап та өз принциптерін айқындады, дейді Шарлапаев.

“”Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы келісімді мега-келісім деп атауға болады. Келіссөз еліміз үшін аса маңызды. Өзге елдер бетпе-бет келген түрлі қауіп-қатерден аулақ болдық. Келісімдегі негізгі үл элементті атауға болады:

  • Мемлекет активтердің құнын 3,5 миллиард доллардан 286 миллион долларға дейін төмендетті;
  • Келіссөзді жүзеге асыру үшін бюджеттен бір теңге де жұмсалмады;
  • Жаңа инвестор 4 жыл ішінде ArcelorMittal алдындағы 250 миллион долларға тең қысқамерзімді қарызды және 450 миллион долларға тең ұзақ мерзімді қарызды өтеуі керек”, – деп қосты Шарлапаев.

Андрей Лаврентьев 1979 жылы 29 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. “АгромашХолдинг” ЖШС және “СарыарқаАвтоПром” ЖШС кіретін “Allur компаниялар тобы”АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және акционері. Топ автомобильдерді өндірумен және сатумен, сондай-ақ Қазақстан аумағында Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтеріне сервистік қызмет көрсетумен айналысады.

Костенко атындағы шахтада 46 шахтер қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін болат компаниясы Қазақстанға меншікке беріледі деп шешілді. 2017-2021 жылдар аралығында АМТ жаңа басшысы Вадим Басин – “АрселорМиттал Теміртау” АҚ директоры тағайындалды.

Кейін үкімет “АрселорМиттал Теміртауды” тек отандық инвесторға беретінін нақтылады. ҚР премьер-министрінің айтуынша, жаңа акционер алдағы үш жылда АМТ-ға 3 млрд доллар инвестициялауы тиіс. Сонымен қатар, ол бірден кем дегенде 1,3 миллиард доллар салуы керек.

“АрселорМиттал” халықаралық корпорациясы 1995 жылдан бастап Теміртауда кеніштерге иелік етті.

Ұқсас материалдар

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

27.01.2024

Алматылықтар тағы да 2 балдық жерасты дүмпулерін сезді. Бұл туралы сейсмологтар мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Төтенше жағдайлар министрлігі...

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

Қазақстан балаларды Африкаға асырауға бере ме? СІМ жауап берді

22.01.2024

Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі. "Тоқсаныншы жылдары...

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

“Қазақтың барбиі”: Баян Мақсатқызы туған күніне күйеуінен не сұрады?

21.01.2024

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.  Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін...

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

Антикор қазақстандық жемқорлардың сүйікті сылтауларын жариялады

21.01.2024

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді,...

Келесі
Костенко шахтасындағы трагедия: жеті адам қамауға алынды

Костенко шахтасындағы трагедия: жеті адам қамауға алынды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz