Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Көкірегін көріп, мінезін байқадым”: Мархаба Сәби Мирас Жүгінісовке өкпелі

фото: ашық дереккөз

“Көкірегін көріп, мінезін байқадым”: Мархаба Сәби Мирас Жүгінісовке өкпелі

12.12.2023
Жаңалықтар
164
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал композитор, әнші Мархаба Сәби жас әртіс Мирас Жүгінісовке өкпелі, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Сазгердің айтуы бойынша, әншінің хитке айналған біраз әніне мәтін жазып берген көрінеді.

“Бүгін мен Мирас Жүгінісовке, жалпы, Жүгінісовтер отбасына деген ренішімді, көңілімнің қалғанын айтқым келіп, білдіргім келіп отыр. Осыған дейін үндемей келдім. Бірақ біраз миға қонбайтын нәрселер жасап жатыр. Біз Мирас Жүгінісовпен, Мұрат Қабылов деген тамаша композитор бала үшеуміз 2018-2019-жылдары Мирастың алғашқы шығармашылық жолын бастағанбыз. Мұрат Қабылов әнін, мен сөзін жазамын. “Әдетте тәтті-тәтті бәрі басында”, “Сүйем, сені сүйем”, “Мың есе”, “Ол” сияқты әндерді жаздық. Біраз сәтті жұмыс атқардық. Сол кезде мәтінді 70 мың теңгеге жазып жүрдім, бірақ мен ақша үшін жасаған жоқпын, Мұраттың әндерін ұнаттым. Бір кезеңге дейін жақсы жұмыс істеп келдік. Бірақ әндері жақсы тарап, атақ келе бастаған соң, Мирастан бір өзгеріс байқадым. Көкірегін көрдім, мінезін байқағаннан кейін “осы жерден тоқтата қояйық, мен саған енді мәтін жазбаймын. Бірақ осыған дейін жазған жұмыстарды айта бер, орындай бер, себебі халыққа тарап кетті, мен қызғаншақ адам емеспін, қызығын көре ғой” деп бердім”, –  деп бастады әңгімесін сазгер.

Біраз уақыт өткеннен кейін, Мұрат хабарласады. Ол шығармашылық жолын бастағалы жатқанын айтып, әнге сөз жазып беруін өтінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

“Өзің айтатын болсаң жазайын, бірақ Мирасқа емес” деп ескерттім. Солай “Сен туралы ғажайып, шытырман толы роман жазғым келеді” деген кеңінен таралған әнді және “Уақыт” деген әнді Мұрат Қабыловтың өзіне жазып бердім. Бірақ оны неге екенін білмеймін, Мұрат емес, Мирас айтып шықты. Менің рұқсатымсыз, ешқандай ескертусіз жариялап шығарды. Оның үстіне, менің атымды автор ретінде еш жерде көрсетпей шығарып жіберді”. Мұны Мирастың өзі жазғандай шығарған. Не деген құрметсіздік?! Түсіне алмадым”, – деді Мархаба.

Сонымен қатар отандық “Қазақстан дауысы” жобасында Мирастың інісі Мұхаммедәлі “Уақыт” әнін орындап, авторы басқа екенін көрсеткен. Мұны көрген Мархаба Сәби қатты ренжіп қалған.

“Уақыт” деген әнге композитор деп Мұрат Қабылов деп жазылыпты, сөзіне басқа адамды белгілеп қойыпты. Мен өз атымды таба алмадым. Жалпы, “Уақыт” – мен үшін қымбат ән туынды, 2019 жылы шыққан, өте қиын кезең, карантин кезінде жазғам. Уақыттың қадірін санасы тоғысқан адам, өмірді көрген адам, білімі бар адам ғана мұндай нәрсе жаза алады. Ал бұл балаларға қазір атақ қызық, ақша қызық. Олар мұндай әндердің қадірін қайдан білсін?! Құрметсіздік жасап отыр, көңілім қалды. Аузынан сүті кетпеген, жас, шала піскен балалардан көңілім қалды. Мысалы, Роза Рымбаеваға да бір мәтін жазып бергем. Ол кісі әр концертінде менің атымды атап айтып, құрметін білдіріп жатады. Бұл әншінің ішкі мәдениеті мен сана сезімінің биік екенін екенін көрсетеді. Ал Мирас Жүгінісовтің бұл ісі – өкінішті жағдай”, – дейді өнер иесі.

Тег: Мархаба СәбиМирас Жүгінісовшоу бизнес

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Алматыда -27 градусқа дейін аяз күтілуде

Алматыда -27 градусқа дейін аяз күтілуде

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz