Батыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады деп хабарлайды Kaskelen.kz
БҚО Полиция департаментінің “CyberPol” қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты ұстады. Күдікті – Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғыны.
Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.
Күдікті Орал қалалық ПБ-на қарасты УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.