Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазақстандықтар жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасының өседі ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Министр мониторинг жүргізілетінін хабарлады.
“Тексеру жүріп жатыр. Біріншіден, мониторингті ұлттық статистика бюросы жүргізеді. Біз бұл деректерді пайдаланамыз. Мен сізге соңғы деректерді беремін. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы өзгермеген, индексі 0. 19 позицияда өзгеріс жоқ”, – деді сауда министрі Арман Шаққалиев.
Оның сөзінше, жаңа жылдық дастарханға байланысты баға индексінде жаңалықтар болады.
“Шартты түрде 37-ге жуық позицияны ұстандық. Жұмсақ орамдағы сүт, мандарин, шампан сияқты заттарға қатысты белгілі бір өзгерістер бар. Бірақ біз жылдық инфляция дәлізіне жетіп қалдық. Бізде жылдық инфляция шамамен – 10,3%, ал жаңа жылдық қоржын бойынша бұл шамамен 10-10,7% . Жыл сайын жаңа жылды асыға күткендіктен, баға згерітері болады”, – деп атап өтті министр.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына келетін болсақ, жыл басынан бері баға 38%-ға өзгерді.
“Әрдайым жұмыртқа бағасы өседі. Біз ірі өндірушілермен және сауда желілерімен сауда бағасының сақталуын қамтамасыз ету үшін меморандум жасадық және оның жұмыс істейтінін көріп отырмыз. Бүгінде біз ішкі қажеттіліктерді толық қанағаттандырып отырмыз, бізде артық өнім бар, ал меморандумдағы келісімдеріміз бағаның күрт, жарылыс қаупі бар өсуін болдырмауға қатысты”, – деп түсіндірді сауда министрі.