Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңгені үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
MMA Salaries мәліметі бойынша, бұл жекпе-жек үшін Шавкат Рахмонов мансабындағы ең үлкен гонорарды алған – 306 мың доллар (150 мың жекпе-жекке қатысқаны үшін, 150 мың доллар – жеңіс үшін және тағы 6 демеушілік бонус бар).
Бірақ оның қарсыласы Стивен Томпсон көбірек табыс тапқан. Оған берілген қаражат 416 мың долларды құрады (жұдырықтасуға шыққаны үшін 400 және демеушілер тарапынан ынталандыру үшін 16).
Еске сала кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ММА-дағы мерзімінен бұрын 18-ші, UFC-дегі 6-шы жеңісіне қол жеткізді. Отандық файтер Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтқан.