Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
15 жасында зорлықпен тұрмысқа берілген ирандық қыз күйеуін өлтіргені үшін дарға асылды

фото: Johanna Geron/REUTERS

15 жасында зорлықпен тұрмысқа берілген ирандық қыз күйеуін өлтіргені үшін дарға асылды

21.12.2023
Әлемде
425
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Кеше Иранда күйеуін өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген және он жыл түрмеде отырған 29 жастағы Самира Сабзиан дарға асылды. Ол биыл Иран билігі өлім жазасына кескен он сегізінші әйел болды, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Өлім жазасы елдегі ең ірі түрмелердің бірі “Гезель Хесар” түрмесінде өтті.

Иран баспасөзі бұл туралы хабарламады, билік те ресми растаған жоқ. Самира 15 жасында тұрмысқа шығып, оның туыстарының айтуы бойынша, жүйелі түрде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Сізге ұнауы мүмкін

Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды (видео)

Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды (видео)

07.02.2024
Трамп алдағы тоғыз ай ішінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігін айтты

Трамп алдағы тоғыз ай ішінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігін айтты

05.02.2024

19 жасында ол күйеуін өлтірді деген айыппен қамауға алынды. Сот оған бірден өлім жазасын кескен, бірақ оның орындалуы бірқатар бюрократиялық себеппен кейінге қалды. Тұтқындау кезінде оның екі баласы болған, олар он жыл ішінде бір-бірін бір рет қана көруге рұқсат алған – өлім жазасына дейін, желтоқсанның басында.

“Самира жылдар бойы гендерлік апартеидтің, балалық шақтағы некенің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды және бүгінде бұл режимнің қабілетсіз және жемқор кісі өлтіру машинасының құрбаны болды”, – деді IHR басшысы Махмуд-Амири Могаддам.

Amnesty International құқық қорғау ұйымы және бірқатар елдің үкіметтері, соның ішінде Ұлыбритания, Иран билігімен келіссөздер жүргізу арқылы жас әйелдің өмірін сақтау үшін көптеген жыл бойы күресіп келген.

“Самира “балалар некесінің” құрбаны болды. Иран әйелдер мен қыздарға дөрекі қарауды тоқтатуы керек”, – деп жазды Х әлеуметтік желісінде Ұлыбритания СІМ басшысының орынбасары Тарик Ахмад.

Құқық қорғаушылардың сөзінше, кейінгі уақытта Иранда өлім жазасы айтарлықтай көбейген, биылғы қарашада 115 адам өлім жазасына кесілген. Amnesty International мұны мемлекет заңдастырып отырған сериялық кісі өлтіру деп атап, Тегеранды тоқтатуға шақырды. Ослодағы Иран құқық қорғау ұйымы халықаралық қауымдастықты Иранға қатысты елеулі шаралар қабылдауға үндеген.

“Бұл режим тек кісі өлтіруге оқталған және өзі жасап алған қорқыныш атмосферасы арқылы өмір сүреді. Әли Хаменеи мен Ислам Республикасының басқа басшылары өз ісі үшін жауап беруі керек”, – деді Махмуд-Амири Могаддам.

Самира Сабзиан 2023 жылы өлім жазасына кесілген 18-ші әйел болды. Бұл қорқынышты статистика, дейді құқық қорғаушылар. Салыстырып қарағанның өзінде, IHR мәліметтеріне сәйкес, 11 жыл ішінде – 2010-2021 жылдар аралығында – 164 әйел өлім жазасына кесілген. Ұйым бұл тек белгілі болған жағдайлар екенін және нақты көрсеткіш бұдан әлдеқайда асып түсуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Тег: Зорлық зомбылықИранөлім жазасыТұрмыстық зорлық-зомбылық

Ұқсас материалдар

Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды (видео)

Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды (видео)

07.02.2024

АҚШ-қа қайырымдылық асқа барған имам Нұрлан Байжігітұлы Филадельфияда екі жастың некесін қиды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап....

Трамп алдағы тоғыз ай ішінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігін айтты

Трамп алдағы тоғыз ай ішінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігін айтты

05.02.2024

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елдің қазіргі басшысы Джо Байденді тағы сынап, үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп...

Қазақстан құрамасы синхронды жүзуден тарихи жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы синхронды жүзуден тарихи жеңіске жетті

05.02.2024

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаліне қолжеткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Ұлттық...

ММА жаттықтырушысы мен үш бала өлім аузынан аман қалды (видео)

ММА жаттықтырушысы мен үш бала өлім аузынан аман қалды (видео)

05.02.2024

Дағыстанда "Приора" көлігін жүргізіп келе жатқан жаттықтырушы мен балалар суға батып кете жаздады. Нәтижесінде екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды...

Келесі
Менің дәрілеріме ақша керек болып, үйді сатып жіберді – Жігер Ауыпбаев

Менің дәрілеріме ақша керек болып, үйді сатып жіберді - Жігер Ауыпбаев

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz