Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
15 адам қаза тапты: Прагадағы Карл университетіне қарулы адам шабуыл жасады

фото: ашық дереккөз

15 адам қаза тапты: Прагадағы Карл университетіне қарулы адам шабуыл жасады

22.12.2023
Әлемде
10
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Кеше Праганың орталығындағы Ян Палах алаңында Карл университетінің философия факультетінің ғимаратында атыс салдарынан 15 адам мерт болып, 20-ға жуық адам жараланған, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары факультет ғимаратында оқ атқан адамның өлтірілгені туралы хабарлады. Ал Прага қаласының мэрі Богуслав Свобода Чехия қоғамдық телеарнасына шабуылдаған адам биіктен секіріп кеткенін айтты.

Seznam басылымына сүйенсек, оқ атқан адамның аты-жөні Дэвид К. Ол факультет ғимаратының сыртқы қоршауымен жүріп келе жатып, ішіндегі адамдарға ғана емес, өтіп бара жатқан адамдарға да оқ атқан.

Сізге ұнауы мүмкін

Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды (видео)

Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды (видео)

07.02.2024
Трамп алдағы тоғыз ай ішінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігін айтты

Трамп алдағы тоғыз ай ішінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігін айтты

05.02.2024

Оқиға орнына ішкі істер министрі Вит Ракушан келген.

“Азаматтарды оқиға орнына көру үшін келіп қарамауға шақырамын. Мен жұртшылықты сендіргім келеді: атқыш залалсыздандырылды, басқа шабуылшының бар екені расталмады”, – деген Вит Ракушан CT телеарнасына берген сұхбатында.

Бұл адамның Чехия азаматы екенін айтылды, бірақ оның не үшін оқ атқаны белгісіз.

iDnes веб-сайты қолда бар фотосуреттеріне сүйеніп, ұзын ұңғылы атыс қаруы бар ер адамның факультет дәлізімен келе жатқанын жазды. Seznam оның қаруы ZEV 308 Win AR10 винтовкасы екенін айтады.

Басқа суреттерде қолдарын жоғары көтерген студенттердің ғимараттан қашып шыққанын байқауға болады. Прага мэрі Богуслав Свобода оқ атқан адамның шатырдан құлап қайтыс болғанын айтты. Расталмаған мәліметтерге сүйенсек, ол өз-өзіне оқ атқан.

Оқиға орнында полиция көліктері, құтқару топтары, жедел жәрдем және өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Құтқарушылар зардап шеккендердің ішінде жеңіл және ауыр жараланғандары да бар екенін айтты.

Полиция Ян Палах алаңының айналасындағы аумақты түгел жауып тастаған. Қозғалыс тоқтатылды, трамвайлар мен автобустар басқа бағыттарға бағытталды. Алаңға іргелес Манес көпірі жабық. Алаңда бірнеше жоғары оқу орындары мен Рудольфинум концерт залы орналасқан.

Тег: Карл университетіПрагатерроризмЧехия

Ұқсас материалдар

Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды (видео)

Нұрлан имам АҚШ-та екі жастың некесін қиды (видео)

07.02.2024

АҚШ-қа қайырымдылық асқа барған имам Нұрлан Байжігітұлы Филадельфияда екі жастың некесін қиды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап....

Трамп алдағы тоғыз ай ішінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігін айтты

Трамп алдағы тоғыз ай ішінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігін айтты

05.02.2024

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елдің қазіргі басшысы Джо Байденді тағы сынап, үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп...

Қазақстан құрамасы синхронды жүзуден тарихи жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы синхронды жүзуден тарихи жеңіске жетті

05.02.2024

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаліне қолжеткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Ұлттық...

ММА жаттықтырушысы мен үш бала өлім аузынан аман қалды (видео)

ММА жаттықтырушысы мен үш бала өлім аузынан аман қалды (видео)

05.02.2024

Дағыстанда "Приора" көлігін жүргізіп келе жатқан жаттықтырушы мен балалар суға батып кете жаздады. Нәтижесінде екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды...

Келесі
Зульфия Чиншанло допинг қолданғаны үшін жарыстардан 8 жылға дисквалификация алды

Зульфия Чиншанло допинг қолданғаны үшін жарыстардан 8 жылға дисквалификация алды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz