Астанада әйел бірге тұрып жүрген азаматтың көлігін айдап кетіп қалған. Бұған қоса ер адам көлікте болған 23 миллион теңгесін алып кеткенін де айтып полицияға шағымданды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Оқиға 20 желтоқсанда Қосшы қаласында орын алды. Полицияға ЖШС басшысы, Астана тұрғыны өтінішпен жүгінген.
“Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған. Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке бар деп мәлімдеген. 52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды”, – делінген хабарламада.
ҚР ҚК 389-бабы 2-бөлігі бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.