Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“80 мың теңге қай жерімізге жетеді”: Таразда көше тазалаушылар наразылығын айтып әкімдік алдына жиналды

“80 мың теңге қай жерімізге жетеді”: Таразда көше тазалаушылар наразылығын айтып әкімдік алдына жиналды

20.02.2024
Жаңалықтар
75
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Таразда 80 мың теңге жалақымен қалған көше тазалаушылар жалақыны көтеруді талап етіп әкімдіктің алдына жиналды, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Қаладағы тазалыққа жауапты мекемеде 500-ге жуық адам қызмет етеді. Бұған дейін 160 мың теңге жалақы алып келген жұмысшылар жаңа жылдан бері айлығымыз елу пайызға қысқарды деп шағымданды.

“80 мың теңге қай жерімізге жетеді? Жылда әкімдікке келіп шешуіміз шарт емес шығар. Басшылар жоғарыда не істеп отыр?”, – дейді жиналғандардың бірі Айнұр Тұрсынбаева.

“Жасыл ел” қарызбы,з сол қарыздан шығу үшін сіздерді сексен мыңмен штаттан шығарды да, “Жасыл елді” қарыздан шығару үшін қарапайым жұмысшыны құрбан етті, былай айтқанда. Сөйтіп бір жылдан кейін бізді бірте-бірте штатқа қабылдаймыз деген. Ешкімді қабылдаған жоқ”, – дейді Фарида Нарымбетова.

Бұған дейін тазалыққа жауапты мекеме бюджетке 1 млрд 300 млн теңге қарыз болып мемлекеттік конкурстан шеттетілген. Сол себепті жұмысшылар қосымша жұмыстан қағылып, жалақысы екі есе азайған. Алайда әкімдік мамандары былтыр тарап кетудің аз-ақ алдында тұрған мекемеге “бір көзден қаржы беруге мүжбүр болдық” дейді. Өйткені коммуналдық мекемеге мемлекеттік тапсырыс берілмегенде, жүздеген адам жұмыссыз қалатын еді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

“Былтыр біз жұмыс орнын сақтап қалу үшін бір көзден келісімшарт жасадық. Салыққа қарызы болуына байланысты конкурсқа қатыса алмады. Сондықтан бір көзден келісімшарт жасады. Бірақ бұл шешімімізді бақылаушы органдар заңсыз деп тауып, соттың шешімімен келісімшартты бұзуға мәжбүрлеп отыр”, – дейді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.

Қала әкімі биыл мұндай тәуекелге бара алмағанын айтады. Алайда былтырғы қарызынан бір жыл ішінде құтылған мекеме мемлекеттік конкурсқа қайта жіберілген. Осылайша әкімдік өкілдері қоғамдық жұмысшылар мемлекеттік сатып алу науқаны аяқталғанша, 80 мың теңге айлықты місе тұта тұруына тура келеді деп отыр.

Тег: жалақыкөше тазалаушыларТараз

Ұқсас материалдар

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

05.06.2025

Қазақстанда былтыр фармацевтикалық нарықтың көлемі 1,2 трлн теңгені құраған. Ал оның 84 пайызы шетелдік өнім, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Қазақстандағы...

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне...

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

Жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту ережесі өзгертілді

05.06.2025

Қазақстанда «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, қызмет көрсету тәртібін...

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

Қазақстанға қанша адам көшіп келді?

05.06.2025

Қазақстанға 2025 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты тұру мақсатында келген азаматтар саны 4 923 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы...

Келесі
Жамбыл облысында шенеуніктер жаңа мемлекеттік көліктерді меншіктеп алған

Жамбыл облысында шенеуніктер жаңа мемлекеттік көліктерді меншіктеп алған

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz