Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Шошаңдамай тыныш жүруі керек”: Қарақат Әбілдинаның зорлық-зомбылық туралы пікірі қызу талқылануда

фото: әлеуметтік желі

“Шошаңдамай тыныш жүруі керек”: Қарақат Әбілдинаның зорлық-зомбылық туралы пікірі қызу талқылануда

12.01.2024
Жаңалықтар
331
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Әнші Қарақат Әбілдина отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы пікір білдіріп, жас қыз-жігіттерге кеңес айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “1001 түн” бағдарламасына сілтеме жасап.

Көпбалалы жұлдызды ана жар таңдауда алдамшы сезімге берілмеу керегін айтты.

“Қоғамда әйелге қол көтеретін ер-азаматтарымыздың белең алып бара жатқаны жанға батады. Бәріміз де ұл-қыз өсіріп отырмыз. Өзімізді не күтіп тұрғанын білмейміз. Айрандай ұйып отырған отбасының шырқы бұзылып, балалар жетім қалып жатыр. Әрине жанға бататын дүниелер. Осы келеңсіз оқиғаларды болдырмау екі жасқа тікелей байланысты. Өмірлік серігіңді таңдаған кезде сен оның тегі кім, қай жақтан екенін зерделеп, біраз жүріп, көзіңді жеткізіп, әрі-бері тануың керек. Содан кейін ең әуелі адам өзінің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Аяқтарын шалыс баспау үшін өздері қыз болып жүрген кездің өзінде шошаңдамай жүруі керек. Қалай болса, солай жеңіл жүріске салынып, от басып қалып жатады. Сондай жағдайдың салдары жақсы болмайды. Сондықтан да “қызға қырық үйден тыю” деп қазақ бекер айтпаған”, – дейді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі отбасындағы жанжал кезінде алдымен салмақ әйелге түсетінін атап өтті. Сөзінше, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын нығайтатын әйел.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

“Әйел – үйдің берекесі мен шығары. Көп нәрсе айналып келгенде әйел затына байланысты. Өйткені әйелдің арқасындағы жауапкершіліктің жүгі ауыр. Қалай айтсаңыз да ол – шындық. Отбасылық қарым-қатынас, бала тәрбиесі, үйдегі тіршіліктің барлығы әйелден сұралады. Бала сабақты жақсы оқымай жатса да анасы жауапты. Сондықтан да қыздарға, сіңлілеріме от баспау үшін, өкінбестей өмір сүру үшін кішкене өз болашақтарыңызға, өмірлеріңізге абайлап қадам басыңыздар деп айтқым келеді. Әрине бір адамды толық танып-біліп үлгермейсің, дегенмен де шамалы уақыт жүріп, көз жеткізіп, содан кейін тұрмысқа шықса екен, некелі жарына сүйіп қосылса, сезіммен қосылса екен деймін. Сезім барда сенім пайда болады. Адал таза махаббатпен қосылған екі адам қанша жерден, қандай жағдай болмасын бір-біріне мейірімді, қайырымды, кешірімді болады. Олардың ісі үлкен дау-жанжалға ұласпайды”, – деп түйіндеді әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің сөзімен келіспейтінін жарыса жазып жатыр. “Білгішсініп сайрап кетеді”, “Ешқандай пікірімен келісе алмаймын”, “Қарақатты қолдайтындар тек мектебінің аналары”, “Өзі неге қарапайым жігітке шықпаған”, “Қыздары бар аналар, олай айтпаңыздар”, “Қыдырәліні зерттеп тиіп пе?!” деген пікір көп.

Тег: Қарақат Әбілдина

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Шымкентте сегізінші сынып оқушысы сабақ үстінде мерт болды

Шымкентте сегізінші сынып оқушысы сабақ үстінде мерт болды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz