Аты әлемге әйгілі бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы отбасымен бірге Қазақстанға көшіп келді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
“Мен Қазақстандамын, бір аптадай бұрын ата-анам мен бауырларым көшіп келді. Өзім Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 4-курста оқимын. Қазір мамандығым бойынша жұмыс қарастырып жатырмын”, – деді Айшолпан Kazinform тілшісіне ұялы телефон арқылы берген сұхбатында.
Ол бүркіт өнерін тастамағанын айтты.
“Оқу мен бүркітпен айналысуды қатар алып жүрмін. Аптасына бір рет айналысамын. Жарыстарға қатысып жүрген жоқпын, тек қонақ ретінде барамын. Себебі оқудан қол тимейді”, – дейді бүркітші қыз.
Бұған дейін бүкіл әлемге танылған бүркітші қыздың әкесі Қазақстан азаматтығынан бас тартқан еді. Ол елге көшіп келмейтінін Моңғолияның ұлттық телеарнасы арқылы жеткізді.
Еске сала кетейік, 2018 жылы қарашада бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияның жоғары марапатына ие болған.