Ұлттық қордан балаларға алғашқы төлемдер түсе бастады. Осыған байланысты БЖЗҚ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Бүгінде бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны – 6 919 131 бала. Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады.
“Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді. Бұл тек алғашқы есептеулер екенін түсіну маңызды. Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі”, – делінген хабарламада.