Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаліне қолжеткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова 228.0050 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.
Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы олжалаған.
Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмаған.
Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді.