АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елдің қазіргі басшысы Джо Байденді тағы сынап, үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы Fox News арнасына сілтеме жасап.
Дональд Трамп америкалық Fox News телеарнасына сұхбат берді.
Оның сөзінше, Джо Байденнің президенттік мерзімінің қалған тоғыз айында үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін.
“Елімізде бейберекет орнаған, шекарамыз ашық әрі қорғансыз. Білесіз бе, 9 ай – өте ұзақ уақыт. Осы аралықта үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкіндігі өте жоғары. Өйткені қазір бізде (президент ретінде – ред. ескертпесі) өз жұмысын дұрыс істей алмайтын адам отыр. Оны құрметтемейді, оған бүкіл әлем күледі. Оның шамасы келмей отыр”, – деді Трамп.
Еске сала кетейік, Дональд Трамп үшінші дүниежүзілік соғыс басталатыны туралы бұған дейін де мәлімдеген еді.
“Бұл (соғыс – ред.ескертпесі) бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстарға ұқсамайтын болады, олар қорқынышты болды, бірақ бұл әлдеқайда ауқымды болады”, – деді ол.