Астаналық екі баласымен биіктіктен секірмекші болған әйелді полиция қызметкерлері құтқарып қалды деп хабарлайды Kaskelen.kz
Оқиға бүгін таңертең орын алған.
Жедел жеткен полиция қызметкерлері үлкен баласын әкесі құтқарып алғанын, алайда кіші баласы мен әйелінің 9 қабаттан секірмекші болып тұрғанын байқаған.
Полиция қызметкерлері әңгімеге алдаусырата отырып, бала мен ананы құтқарып қалған.
Кейін анықталғандай, 24 жасар әйел мұндай әрекеткен отбасылық жанжалдан кейін бармақшы болған.
Кейін белгілі болғандай, 24 жастағы келіншек отбасындағы жанжалдан кейін шарасыз әрекетке бел буған. Жас ананы үмітсіз күйге түсірген жұбайына қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Отбасы ерекше бақылауда.
Астанадағы дағдарыс орталығына балалы әйел орналастырылды. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.