Алматы қаласын электр қуатымен қамтамасыз етумен екі мемлекеттік кәсіпорын айналысады. Сыртқы жарықтандыру «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік кәсіпорнына жүктелген.
Сыртқы жарықтандыру желілерінде (бағаналардағы шамдар) және аула шамдарында ақаулар туындаған жағдайда «Алматы Қала Жарық» МКҚК диспетчерлік орталығына тәулік бойы келесі телефондар бойынша хабарласу қажет: 8 (727) 390 20 40; 8 (727) 390 20 60, 8 (771) 718 2439; 8(771) 718 24 56»,- деп хабарлайды Алматы әкімдігінде
Ал егер үйлерде электр қуатымен проблема туындаса «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ хабарласу қажет.
«Жоспарлы жөндеу жұмыстарының кестесі компанияның www.azhk.kz сайтында тоқтатылатын күні, уақыты, жөндеу жұмыстарының түрі және тоқтау мекенжайы көрсетілген. Электрмен жабдықтаудағы үзілістердің себептерін «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС байланыс орталығынан 356 99 99 телефоны арқылы білуге болады», – деп толықтырды әкімдіктегілер.