Алматы облысында 11 жасар баланы найзағай соқты деп хабарлайды Kaskelen.kz
Қарасай ауданында тұратын зардап шегуші Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігердері аман сақтап қалды. Қазіргі таңда ем шаралары жалғасуда.
Найзағай соққаннан баланың арқасы, белі және сол аяғының төменгі жағы күйіп қалған. Қазіргі таңда 11 жасар бала екі апта көлемінде емін жалғастырып жатыр.
“Науқасқа арқа, бел аймағы және сол аяғының төменгі бөлігін термиялық күйік шалған деген диагноз қойылды. Қазір бала жарақат бөлімінде емделіп жатыр. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланған”, – деді аурухана директорының орынбасары Асқар Қалиев.
Мамандардың айтуынша, шілде-тамыз айларында найзағай жерге жиі соғатынын ескертіп, ата-аналарды балаларына сақ болуға шақырады