Ауқымды жер ілкінісі туындаған жағдайда қалада баспанасыз қалған зардап шеккен халықты қабылдаудың 380 аса пункті орналастырылған. Қабылдау пункттері уақытша орналастыруды жинауға, тіркеуге, зардап шеккен халықты бірінші кезекте қажетті заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз етуге, көлікке отырғызуға және қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға арналған.
Пункттерді қалай тез табуға болады?
Пункттер туралы толық ақпарат «Зардапшеккен халықты қабылдау пункттері» 2ГИС картасында, сондай-ақ Алматы ТЖД мен әкімдіктің ресми сайттарында орналастырылған. QR коды бар ақпараттық тақтайшаларға камераны жүргізіп смартфонды сканерлеу кезінде жақын жердегі пункттерге эвакуация жолдарының маршруттарын анықтауға болады.
2023 жылдан бастап мегаполистің барлық тұрғын үйлерінің (2 және одан да көп қабаттардың) қасбеттеріне (10 мыңға жуық үй) тақтайшала орналастырылды.Алматыда ТЖ қаупі туралы халықты хабардар ететін 843 сирена және сирено-сөйлеу қондырғылары (қамту аймағы – 100%) жұмыс істейді. Сонымен қатар, хабарландыруға 671 телеарна мен 24 «медиа сервер» радиоарнасы қатысады. Жойқын жер сілкінісі жағдайында 13 371 адамнан тұратын күштер мен құралдардың арнайы тобы, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы 4 060 техника қарастырылған. Алматыда ауқымды жер сілкінісін жоюға қосымша еліміздің 16 өңірінің және 5 орталық мемлекеттік органның күштері мен құралдары үш эшелонға ұсынылады.