Қазақстанда қонақ үй саны 2 237-ге жетті, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 36-ға артық, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Ең көп қонақ үй Алматы (232) және Астана (190) қалаларында, сонымен қатар Қарағанды облысында (139).
Елордада бір жыл ішінде мейманхана саны 12-ге өсті, ең үлкен кему Қостанай облысында тіркелді, онда қонақ үй саны 11-ге қысқарған.
2024 жылдың бірінші тоқсанында қонақ үйлер барлығы 1,4 млн келушіні қарсы алды, көрсетілген қызметтер көлемі 45 млрд теңгені құрады.
Былтырғы жылмен салыстырғанда жұлдызды категориясы бар қонақүй саны 6-ға қысқарған. Бүгінде олардың саны — 117.
Бес жұлдызды қонақ үйлер Қазақстанның 10 өңірінде орналасқан.
Бір адамға шаққандағы орташа төлем — тәулігіне 55,5 мың теңге.