Еліміздің бас дәрігерінің 2021 жылғы 5 тамыздағы белгілі бір ауруы бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін қамтамасыз етуге арналған дәйтрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар тізбесін бекіту туралы бұйрығына өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Кейбір препараттар тізімнен шығарылады, себебі өлімге және мүгедектікке әкелуге әсер етпейді.
Өзге препараттарды эпидемиологиялық деректердің болмауына және оларға қажеттілікті есептеу мүмкін еместігіне байланысты алып тастау жөнінде шешім қабылданған.
Осылайша тізімнен 32 дертке тағайындалған препараттар алынады.
Олардың ішінде асқазан мен 12 елі ішектің ойық жарасы, пневмония, синусит, кератит, эндометриоз, несеп-жыныс жүйесінің созылмалы инфекциялары және өзге де аурулар бар.
Тізімнен шығарылатын препараттарға омепразол, амоксициллин, кларитромицин, метронидазол, карбамазепин, преднизолон, хлоропирамин жатады.
Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасы 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.