Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Туыстарына күніне бірнеше рет ақша аударатын қазақстандықтар тексеріле ме?

фото: pixabay.com

Туыстарына күніне бірнеше рет ақша аударатын қазақстандықтар тексеріле ме?

18.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
109
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру департаментінің басшысы Дина Құсайынова қазақстандықтардың қандай аударымдарын салық органдары тексеретінін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Құсайынова атап өткендей, мобильді аударымдарды бақылау заңсыз кәсіпкерлікпен айналысатындарды анықтауды көздейді.

“Бұл бақылау бизнеспен айналыспайтын адамдарға әсер етпейді. Себебі онда үш ай қатарынан 100-ден астам түрлі тұлғадан ақша аударымдары түскен адамдар бақылауға алынады. Яғни маған туыстарымнан ақша түссе, ол маған күніне үш-төрт аударым жасай алады, бұл бір ғана жеке тұлға ретінде есептеледі”, – деп түсіндірді спикер.

Қорытындылай келе, ол кәсіпкерлікпен айналыспайтын адамдар бұл бақылауға алынбайтынын тағы да атап өтті.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мобильді ақша аударымдары тексеріле бастады. Алайда қарапайым азаматтардың алаңдамауына болатыны атап өтілді. Мұндай тексерулер тек аударымдарды кәсіпкерлік қызметінен кірістерін жасыру үшін пайдаланатындарға қатысты делінді.

Осы орайда кейбір жосықсыз сатушылар тауар немесе қызмет ақысын қолма-қол ақшамен төлеуді талап етіп, онсыз төлемдерді қабылдаудан бас тарта бастады. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, мұндай әрекеттер заңсыз.

Сонымен қатар қаңтар айының басында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов туыстарға ұялы байланыс арқылы бір-біріне жіберуге болатын сомаға шектеу қойылмайтынын түсіндірді.

Тег: ақшааударымдарбанкзаң

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Журналистерді аккредиттеу тәртібіне қандай өзгеріс енгізілді?

Журналистерді аккредиттеу тәртібіне қандай өзгеріс енгізілді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz