Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Кәсіпті дамыту үшін несиені қалай пайдаланған дұрыс?

фото: pixabay.com

Кәсіпті дамыту үшін несиені қалай пайдаланған дұрыс?

24.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Кәсіпкер несие арқылы кәсібін кеңейтіп, дамыта алады. Бірақ ол үшін пайда әкелетін несие түрін таңдаған жөн.

Несие – кәсіпкерлерге өз қызметін кеңейтуге, жаңа технологияларды енгізуге және компанияның қаржылай жағдайын нығайтуға мүмкіндік беретін, бизнесті дамытудың қуатты құралы. Алайда пайданы арттыру және қауіп-қатерді азайту үшін несиені қалай дұрыс пайдалану керек екенін түсінген маңызды.

Қаржыгер Әйгерім Кариеваның сөзінше, несиені кәсіптің айналым капиталын толықтыру, кәсіпті кеңейту, сатылымды арттыру, маусымдық қорды толтыру және тағы басқа пайдалы мақсатта қолдануға болады.

Сізге ұнауы мүмкін

Кәсіпкер Алика Мұхамадиева желідегі даулы жазбасы үшін қамауға алынды

Кәсіпкер Алика Мұхамадиева желідегі даулы жазбасы үшін қамауға алынды

22.07.2025
Елде қанша бұқаралық ақпарат құралы тіркелген?

Елде қанша бұқаралық ақпарат құралы тіркелген?

22.07.2025

Несиенің қандай түрлері бар?

Несие мерзіміне байланысты ұзақ мерзімді (3-10 жыл), орта мерзімді (1-3 жыл) және қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі) болып бөлінеді. Ал өніміне байланысты мақсатты және мақсатты емес деген түрі бар.

“Мысалы, кәсіпкер құрылыс материалдарын сатып алу үшін несие алды. Бұл мақсаты бар несие болып саналады. Мұндай несиенің әдетте пайыз мөлшерлемесі төмен келеді. Оны алған адам банкке шығындары туралы есеп беруі керек. Ал мақсатты емес несиелер, керісінше, қаражаттың қалай жұмсалатыны нақтыланбай беріледі. Кредитор оны өз қалауынша қолдануға құқылы”, – дейді қаржыгер.

Несие шартына байланысты кепіл арқылы және кепілсіз, ал кредитордың мәртебесіне қарай банктік, коммерциялық ұйым, мемлекеттік, халықаралық, азаматтық болып бөлінеді.

Кәсіпкерлер кәсібі үшін несие алғанда қандай қатені көп жібереді?

Қаржыгер Әйгерім Кариеваның айтуынша, кәсіпкердің кейбірі несие аларда қате жібереді. Сондай қатенің бірі – жылдық пайыз мөлшерлемесін түсінбейтінінде.

“Жылдық пайыз мөлшерлемесін, оның қалай есептелетінін түсінбей жатады. Тіпті несиені де қолдану керек екенін білмейтіндер бар. Оған қоса бизнестің қаржы көрсеткіштерін есептемейді. Салдарынан қаржылай қауіп-қатерге ұрынып жатады. Кейбірі басқа қарызды жабу үшін несие алады. Қарызды операциялық шығынды өтеу үшін емес, кәсіпті кеңейту үшін алған дұрыс”, – дейді ол.

Маман кәсіпкерге несие аларда кредиттік жүктемені көбейтіп жібермеуге кеңес береді. Себебі тым көп қарыз алса, болашақта несие өтеуде қаржы қиындықтарына тап болуы мүмкін. Оған қоса ол несиенің мерзімін дұрыс таңдау керек екенін айтады.

“Кейде тым ұзақ мерзімге несие алып, шығындалады. Ал кейде өте қысқа мерзімге несие рәсімдеп, төлеуге қиналып жатады. Оған қоса кәсіпкерлер ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыру үшін қысқа мерзімді несие алуы мүмкін, бұл ұзақ мерзімде қаражат тапшылығына әкеледі”, – дейді Әйгерім Кариева.

Қаржыгердің айтуынша, несие алмас бұрын оны беретін ұйымдарды зерттеу керек. Себебі қолайсыз шарттар ұсынатын несиеге ілініп кетуге, тіпті алаяқтар шырмауына түсуіне әкелуі мүмкін.

Несие алмас бұрын не істеу керек?

Әйгерім Кариева несиені алмас бұрын дайындалу керек екенін айтады.

Жоспарлау

Несиені не үшін алып жатқанын, оны қайда жарататынын толық жоспарлау қажет. Кәсіпкер несиені өндірісті кеңейту, жаңа технологияларды енгізу, жаңа нарыққа қосылу сияқты мақсаты бар жоспарлар үшін алғаны дұрыс.

Қаржы мүмкіндіктерін қарау

Несие алмас бұрын кәсіптің жылына табатын орташа табысын шамалап болжап, оның банкке өтейтін қарыз сомасынан асатынына көз жеткізген абзал. Бұл несиені қаржылай пайдалы етеді әрі кәсіпке қауіп төндірмейді. Кез келген уақытта ойламаған шығын пайда болуы мүмкін екенін де ескеру қажет, сол себепті ай сайын төлейтін міндетті шығыннан бөлек, несиені қоса есептегенде 20% ақша қоры болуы керек.

Қарыз алатындар пайыздың көп бөлігін несие мерзімінің алғашқы үштен бір бөлігінде төлейді. Одан кейін ай сайынғы төлемдегі пайыз сомасы азая бастайды. Бірақ кез-келген жағдайда кәсіпкер өзінің қаржылай мүмкіндіктерін ескеріп, несиенің барынша қысқа мерзімді түрін таңдағаны дұрыс.

Таза келтірілген құнды есептеу (NPV )

Бұл – болашақта инвестицияның немесе жобаның қаншалық тиімді немесе тиімсіз болатынын бағалауға көмектесетін қаржы көрсеткіші. Ол болашақта болатын табысты ескеріп, одан барлық шығынды азайтып, несиені алып-алмаудың маңызын есептеп көрсетеді.

Қаржы левередженің әсерін есептеу

Бұл – несие кәсіптің қаржы жағдайы мен табысына ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш. Ол қарыз капиталының кәсіпорынның меншікті капиталына қатынасы арқылы есептеледі.

“Қаржы левереджінің әсері 0-ден төмен болса, несие алмаған жөн. Өйткені бұл бизнестің қаржы мәселелерін одан әрі нашарлатуы мүмкін. Қаржы левереджінің әсері 0-10% болса, несие алуға болады. Бірақ бұл несие бизнесті басқаруға қаншалық әсер ететінін саралаған маңызды. Кәсіпкер шығыны мен табысын дұрыс есептесе, қосымша қаржы кәсібіне пайдалы болуы ықтимал. Қаржы левереджінің әсері 10%-дан жоғары болса, қажет жағдайда несие алған жөн, себебі ол кәсіпті табысты етеді. Оған қоса орташа есеппен жылдық операциялық пайданың (EBITDA) үш мөлшерінен аспайтын немесе үш айдағы кірістен аспайтын мөлшерде несие алу қауіпсіз болып саналады.”, – дейді маман.

Тиімді несие түрін таңдау

Жоғарыда айтқанымыздай несиелер мерзіміне, мақсатына, шартына және тағы басқа факторына байланысты әртүрлі келеді. Кәсіпкер өзінің кәсібінің саласын, оған қажет соманы сараптап, өзіне тиімде болатын несиені таңдауы керек.

Тег: банккәсіпнесие

Ұқсас материалдар

Кәсіпкер Алика Мұхамадиева желідегі даулы жазбасы үшін қамауға алынды

Кәсіпкер Алика Мұхамадиева желідегі даулы жазбасы үшін қамауға алынды

22.07.2025

Қазақстан азаматтарының ар-намысына тиюі мүмкін деген даулы мәлімдемесінен кейін кәсіпкер Алика Мұхамадиева уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол интернеттегі "Қазақстан несімен...

Елде қанша бұқаралық ақпарат құралы тіркелген?

Елде қанша бұқаралық ақпарат құралы тіркелген?

22.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 4 871 бірлікті құрады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі...

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша?

15.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанның мемлекеттік борышы 40 миллиард теңгеге артып, 31,9 триллион теңгені құрады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди...

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

12.07.2025

Алматы қаласының Қала құрылысы бақылау басқармасы сатып алуға ұсынылмайтын 28 тұрғын үй кешенінен тұратын арнайы тізімді жариялады. Тізімге түрлі аудандарда...

Келесі
Қарыз алушының қайтыс болуы банк алдындағы міндеттемелері мен кепілдіктеріне қалай әсер етеді?

Қарыз алушының қайтыс болуы банк алдындағы міндеттемелері мен кепілдіктеріне қалай әсер етеді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz