Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталған кезде “Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы“ Қазақстан Республикасы Заңының 19–бабында айқындалған салдар туындайды, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Атап айтқанда, борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішінде көрсетілген міндеттемелері тоқтатылады.
Банкротқа соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жыл ішінде қарыз берілмейді, сондай-ақ одан банктік қарыз және микрокредит беру шарттары бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түрінде қамтамасыз ету қабылданбайды (Заңның 19–бабының 2 және 3-тармақтары).
Заңнамада өзге салдар көзделмеген.
Жоғарыда айтылғандардан азаматты соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкрот деп тану кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелуге кедергі келтірмейтіні және мұндай адам еңбекақы төлеуді толық көлемде алу құқығында шектеусіз екендігі, өйткені кредитордың заңды байланысын жоғалтуына байланысты тоқтатылған міндеттемелер бойынша жалақыдан өндіріп алу жүргізілмейді.