Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қолдануға жарамсыз өнімді алмау үшін нені білуіміз қажет?

фото: lime.energy

Қолдануға жарамсыз өнімді алмау үшін нені білуіміз қажет?

12.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

“Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы” қоғамдық бірлестігі ел азаматтарын жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарларды сатумен, контрафактімен, жалғандықпен, контрабандамен күресуге шақыруда, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Тұтынушыларға ескертпе

Анық әрі дұрыс көрінетін тағам өнімдерінің таңбалауы тұтынушыларды пайдалы тағамдарды саналы түрде таңдау жасауға, сонымен қатар құрамындағы ингредиенттерді жарияламауға тырысатын өндірушілерді өнімдерін қайта өңдеуге ынталандырады.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Сырты қапталған тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар Кеден одағының КО ТР 022/2011 техникалық регламентінде белгіленеді және соған, сондай-ақ ЕАЭО-ның басқа да техникалық регламенттерінің тамақ өнімдері, олардың таңбалануына қатысты талаптарына сәйкес келсе нарыққа айналымға шығарылады.

Келесі өнімді зерттеу

2024 жылдың 19 маусымында Шымкент қаласындағы базарлардың бірінен тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілі жасырын сатып алушы әдісімен 1,0 литрлік қаптамадағы “Master Martini” өсімдік майы кремін, шығарушы елі – Италия, сатып алды.

Сатып алынған өнім Шымкент қаласындағы “Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” АҚ ОҚФ аккредиттелген сынақ зертханасына Кеден одағының “Май және май өнімдерінің техникалық регламенті” 024/2011 және “Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты” 022/2011 техникалық регламенттеріне сәйкес өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын барлық талаптарға кешенді зерттеу жүргізу үшін ұсынылды.

Осы өнім сараптамасына орай, келесідегідей сәйкессіздіктер анықталды, өнімдерде:

  1. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымына арналған бірыңғай белгі (ескерту: ЕАО – таңба сапаны білдіруге арналған және тұтынушыларды контрафактілік өнімдерді сатып алу ықтималдығынан қорғаудың бір түрі болып табылады) жоқ;
  2. мемлекеттік тілдегі ақпарат көрсетілмеген;
  3. сөнім сәйкестендіріліп жасалған құжат туралы мәліметтер жоқ.

Осыған байланысты материал тиісті органдарға шешім қабылдау үшін жолданды.

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 25-бабына сәйкес, сатушы (дайындаушы) тауар туралы ақпарат беруге міндетті.

Есіңізде болсын, таңбалау – контрафактіден қорғау

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Үрметханқызы Биятан Қазақстанда сәйкестігі міндетті түрде расталатын тауарларды, оның ішінде импорттық тауарларды сәйкестік туралы тиісті декларациясыз сатуға жол берілмейтінін атап өтті.

Сәйкестік туралы декларацияның болуын, сондай-ақ олардың сенімділігін Еуразиялық экономикалық комиссияның сайты – Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімі, сондай-ақ қазақстандық тізілімі арқылы бақылауға болады.

Егер тексеруші органдар бұзушылықты растаса, онда бұл өнім КО ТР 021/2011 сәйкес айналымнан алынуға жатады және оны Қазақстан Республикасында сатуға тыйым салынуы тиіс.

Барлығы білуі керек: Тұтынушының заңды құқығы – тауардың заңдылығын тексеру және сатушыдан тек фискалдық, кассалық немесе сату түбіртегін ғана емес, сонымен қатар тауардың сәйкестік сертификатын/декларациясын талап ету болып табылады!

Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) тұтынушылардың тауарлар мен дүкендерді дәлелдеме ретінде фото, бейнежазбаларға түсіруге қатысты құқықтарын шектеуге тыйым салынады.

 

Тег: жарамдылық мерзіміөнімтауар

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Елімізде кез келген қызметкер еңбек демалысынан бөлек тағы да 3 күндік демалыс алуға құқылы

Елімізде кез келген қызметкер еңбек демалысынан бөлек тағы да 3 күндік демалыс алуға құқылы

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz