Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандықтар жылу үшін қанша миллион теңге артық төлеп келген?

фото: pixabay.com

Қазақстандықтар жылу үшін қанша миллион теңге артық төлеп келген?

15.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
67
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРА) Қазақстан ҰЭМ және оның аумақтық бөлімшелері жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмысты аяқтады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Ведомствода қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты қайтару жаңа жылыту кезеңінде (2024-2025 жылдар) не ағымдағы күнтізбелік жыл үшін (2024 жылдың соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен тұтынушылардың дербес шоттарына әсер ететінін атап өтті.

ҚР Табиғи монополиялар туралы заңнамасының нормаларына сәйкес табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету жолымен қайта есептеуді жүргізуге міндетті.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Осылайша, ТМРА-да нақтыланғандай, 2023-2024 жылдардағы жылу беру кезеңінде жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері ҚҚС есебімен жалпы сомасы 768 157 390 теңгеге есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясы үшін төлемақыны қайта есептеді:

Астана бойынша – 2 279 970 теңге;

Алматы бойынша – 95 405 360 теңге;

Шымкент бойынша – 20 208 830 теңге;

Абай облысы бойынша – 13 594 640 теңге;

Алматы облысы бойынша – 18 100 470 теңге;

Ақмола облысы бойынша – 33 522 870 теңге;

Атырау облысы бойынша – 10 698 190 теңге;

Ақтөбе облысы бойынша – 37 701 480 теңге;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 354 460 650 теңге;

Жамбыл облысы бойынша – 15 098 450 теңге;

Жетісу облысы бойынша – 6 073 800 теңге;

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 1 187 850 теңге;

Қостанай облысы бойынша – 31 998 480 теңге;

Қызылорда облысы бойынша – 38 588 600 теңге;

Маңғыстау облысы бойынша – 60 948 780 теңге;

Павлодар облысы бойынша – 4 128 560 теңге;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 24 136 770 теңге;

Түркістан облысы бойынша – 23 640 теңге.

Бұл ретте, Комитетте түсіндірілгендей, Ұлытау және Қарағанды облыстарының тұтынушылары үшін өзге тәсіл қолданылады. Өйткені жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізіледі.

“Жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнату жылу энергиясының нақты тұтынылған көлемі үшін ғана жылумен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеуге мүмкіндік беретінін, сондай-ақ жылыту маусымында мүмкін болатын артық төлемнің алып тасталынатынын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда еліміздегі көппәтерлі тұрғын үйлерді приборлау деңгейі шамамен 75%-ды құрайды“, – деп атап өтті ҚР ҰЭМ ТМРА баспасөз қызметінде.

2024 жылғы 25 маусымда Қазақстан премьер–министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында алдағы жылу маусымына дайындықты сынға алды.

Тег: ақшажылутөлем

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не және ол қазақстандықтардың қай санатына көрсетіледі?

Атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не және ол қазақстандықтардың қай санатына көрсетіледі?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz