Жыл басынан бері 63 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жаупкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
«Еліміздегі шетелдіктердің көпшілігі заңға бағынатын азаматтар. Бірақ заң талаптарын бұзатындар да бар. Биыл 63 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жаупкершілікке тартылды. 1 млрд теңге сомасында айыппұл салынды», – деді А.Аталықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның сөзінше, 11 мың шетелдіктің уақытша тұру мерзімі қысқартылды.
«7 700 шетелдік еліміздің аумағынан тыс шығарылды. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарқаны үшін 2 500 жұмыс берушіге айыппұл салынды. Уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз шетелдіктерді жұмысқа бірнеше рет заңсыз тарқаны үшін 7 жұмыс беруші қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Заңсыз көші қонды ұйымдастырғаны үшін полиция 46 қылмыстық іс қозғады», – деді комитет басшысы.