Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Сайлау барысында үгіт жүргізу шарттарын бұзғандарға жаза қолданылуы мүмкін

фото: iStock

Сайлау барысында үгіт жүргізу шарттарын бұзғандарға жаза қолданылуы мүмкін

16.01.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ұлттық экономика министрлігі сайлауда үгіт жүргізу шарттарын бұзғандарға жазаны күшейтетін заң жобасын талқылауға шығарды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Нақты айтқанда, Масс-медиа арқылы сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу шарттарын бұзу туралы бапқа «онлайн платформаларды пайдаланушылар» ұғымы енгізіліп отыр.

— Онлайн-платформаларды пайдаланушылардың сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы жеке тұлғаларға — жиырма, лауазымды адамдарға — отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, — делінген түзетілген нормада.

Айта кеткен жөн, қолданыстағы нормада эфирден жəне баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының үгіт материалдарын шығарғаны үшін лауазымды тұлға мен заңды тұлғалар жазаланатын. Ұсынылып отырған нормада олардың қатарына жеке тұлғалар қосылған.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

— Онлайн-платформа пайдаланушыларының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға ақпарат көлемін беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға ол ақпарат көлемін беруге келісім берген болса, жеке тұлғаларға — жиырма, лауазымды адамдарға — отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Онлайн-платформаларды пайдаланушылардың ақпарат көлемін беруі туралы шарт талаптарымен қандай да бір кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға артықшылық туғызу жеке тұлғаларға — жиырма, лауазымды адамдарға — отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, — деп жазылған жаңа редакцияда.

Сонымен қатар сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу тәртібі мен шарттарын бұзған жеке тұлғаларға — жиырма, лауазымды адамдарға — отыз, заңды тұлғаларға — елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны айтылған.

— БАҚ-та онлайн-платформаларда сөз сөйлеуге, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге, қосымша үгіт материалдарын шығаруға, сондай-ақ көлік және іссапар шығыстарын жабуға байланысты шығыстарды төлеу мақсатында кандидаттардың, партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың өздерінің сайлау қорларынан басқа көздерден өзге де ақша тартуы, сондай-ақ кандидат сайлау науқаны барысында пайдаланатын кандидаттардың сайлау қорларының қаражатынан төленбеген жеке және заңды тұлғалардың кез келген тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін қабылдауы, көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға осы көрсетілген қызметтерді ұсынғаны үшін кандидаттың тарапынан кез келген жәрдем көрсету кандидатқа — жиырма бес, заңды тұлғаға — елу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, — делінген жаңадан ұсынылып отырған нормада.

Ал депутаттыққа немесе өзге сайланбалы лауазымға кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамағаны үшін салынатын айыппұл көлемін 5 АЕК-тен 25-АЕК-ке дейін көтеру ұсынылған.

 

Тег: жазасайлауүгіт

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Жемқорлық әрекеттерін жоймаған басшыларға жаза қолданылады

Жемқорлық әрекеттерін жоймаған басшыларға жаза қолданылады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz