Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметте өткен брифингте екінші атом электр станциясын салу жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Оның сөзінше, Қазақстанға ядролық кластер құру үшін бірнеше АЭС қажет. Бұл ядролық саланы дамыту үшін барлық мүмкіндікті пайдалануды, соның ішінде уран өнімдерін өндіру мен ғылыми әлеуетті барынша қолдануды көздейді.
− Бүгінде бізге екінші станцияның орнын анықтау тапсырмасы берілді. Орынды таңдау кезінде болжамды энергия теңгерімін, жүктеме орталықтарына жақындығын және ұлттық электр желісінің даму деңгейін ескеретін боламыз. Бұл жөнінде сіздерді хабардар етіп отырамыз, – деп жауап берді А.Сәтқалиев тілші сұрағына.
Қазіргі таңда жобаны жүзеге асыру үшін ықтимал орындардың бірі ретінде Абай облысындағы Курчатов аумағы қарастырылуда.
− Курчатов перспективалық орын ретінде қарастырылып жатыр. Бұл мәселе бойынша тиісті шешімді комиссия қабылдайды. Біз талдау жүргіземіз, − деді Энергетика министрі.